Алматы қ., Ақсай-2 ы/а, Момышұлы көшесі, 36 «А»
+7 727 330 31 29

Компания туралы

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі туралы: 26 жыл жетістіктер мен жеңістер

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі   – Қазақстан Республикасындағы ірі нан пісіру кәсіпорындарының бірі. 1987 жылы негізі қаланған.

Шебер басшылық, ұжымның біріккен жұмысы, мамандардың жоғары біліктілігі арқасында кәсіпорын нан нарығында осы уақытқа дейін лидерлік позициясын сенімді иеленіп келеді. Нан өнімдірін дайындаушы басқа өндірістерден «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының айқындалар айырмашылықтары бар:

  • мықты материалдық-техникалық база;
  • өнімдердің кең ассортименті;
  • өнімдердің тұрақты өтімі;
  • мамандардың жоғары дәрежелі шеберлігі;
  • жергілікті басқару органдарымен жақсы іскерлік байланыс;
  • нан пісіру өнеркәсібі саласында жаңа технологияларды кең қолдану;
  • нан пісіру мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу зертханаларымен тығыз әрекеттестік.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі күніне 150 тоннадан астам өнім шығарып, 1000-нан аса жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер беріледі.

Комбинат ассортименті сатып алушылардың әр түрлі таңдауларын есепке ала отырып, әр бір адам «өз» өнімін табуы және біздің тұрақты клиентіміз болуы үшін шығарылған. Өнімдер төмендегі топтарға бөлініп шығарылады: нандар, нан-бөлкелер, тоқаштар, ұн тәтті тағамдары және кептірілген өнімдер және олар екі жүзден астам атауларды құрайды. Диета нандары мен денсаулықты түзеуге арналған нандар сериясы ерекше назар тартады. Бұл өнімдер тамақтану рационын жұмсақ және нәтижелі үйлестіруге және ұзақ уақыт қолданғанда организмнің жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі.

ЖШС «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты үнемі көрмелер, РR-акцияларға уақтылы қатысу, мәдениет, білім және спортты дамытуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды белсенді қолдау арқылы тұтынушылармен байланыс бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруда. Компанияда тұтынушылармен үздіксіз байланыс жолға салынған, оның арқасында «бірінші қолдардан» рецептура, өнімдердің құнарлығы және пайдалы қасиеттері туралы мәліметтерді алуға, тұтынушылар өздерінің ескертулері мен тілектерін айтуға мүмкіндіктері бар.



Комбинатта жаңа технологиялар бөлімі жұмыс жасап, оның көмегінде барлық мүдделі жақтардың, сонымен қатар тұтынушылардың, талаптарына жауап бере алатын жаңа нан-тоқаш өнімдері өндіріске тұрақты түрде еңгізілуде.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі бір неше он жылдық бойы өндірістің сөзсіз сапасы арқасында ерекше тұрақты және талапқа сай кәсіпорын болып келеді. Компания ішінде халықаралық ІSO 9001 стандарттары мен НАССР принциптері негізінде енгізілген менеджменттің интеграцияланған жүйесі істейді. Заманауи жабдықтармен жабдықталған технологиялық зертхана шикізат, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылайды. Өндірістік, тұрмыстық және әкімшілік үй-жайларын жаңарту, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға талай көңіл бөлінеді. Комбинаттың барлық дайын өнімдері белгіленген тәртіпте сәйкестікті растау процедурасынан жүйелі түрде өтеді.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі бір неше рет әр түрлі конкурстарда жүлделі орындарды иелеген. Көп жылдық тарихы бар комбинат көптеген марапаттар мен медалдар жинаған, тек Алматылықтардың ғана құрметі мен сеніміне ие болмай, Көкшетау, Өскемен тұрғындары да шын көңілмен «Ақсай-нан» өнімдерін сатып алуда.