Алматы қ., Ақсай-2 ы/а, Момышұлы көшесі, 36 «А»
+7 727 330 31 29

Өз денсаулығының қамын ойлайтындарға жақсы жаңалық

Бүгін көптеген кісілер не жеп не қойғанына назар аудара бастады. Өзімізе ұзақ өмір мен кемелденген өңді болуды қамтамасыз ету мақсатында табиғи және шын мәнінде пайдалы өнімді табуға тырысып, біз тауар туралы мәліметті мұқият зерттейміз. Клиенттеріміздің талаптарынан алға өтіп, ЖШС «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының мамандары диеталық нандар мен денсаулықты түзеуші нандар сериясын өңдеді, олар рационды жұмсақ және тиімді үйлесімге келтіреді және оларды ұзақ уақыт қабылдағанда, ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға көмегін береді. Көбінесе табиғы және пайдалы нан дегенде, қара бидай нанын елестетеміз. Бұл жайдан-жай емес. Біздің сериялардағы денсаулық нандарына қосылатын қара бидай ұны нағыз витаминдер мен микроэлементтер коктейлі. Оның құрамында адам ағзасына пайдалы көптеген заттар бар: амин қышқылдары, минералдық тұздар, В,РР,Е, топтарының витаминдері, темір, микро және макро элементтер, клетчатка. Қара бидай шлактар, тұз бен токсиндерді шығару қабілетімен ерекше құнды, сол қабілетімен көп аурулардың себептерін жоюға көмектеседі. Ол ас қорытуды бірыңғайлайды, жүрек жұмысын жақсартады, қатерлі ісік және диабет ауруларының өсу қауіпін төмендетеді.

Осындай қасиетті қара ұн негізінде «Финский зерновой», зирелі қара ұн, жүзімді қара ұн нандары дайындалған.

Нанның басқада жаңа түрлерін өңдеуде көптеген басқа да пайдалы дақылдар қолданылады. Мысалы, жүгері. «Кукурузный» наны құрамында дәндердің ұсақтары бар, олар ас қорытуды күшейтіп, ішкі ағзалардың жұмысы жақсаруына жағдай жасайды.
 

Денсаулықты жақсартатын нан серияларының жаңалары: «Тыквенный», «Гречишный» және «Овсяный» рогалигі. «Тыквенный» наны тері күй –жағдайы мен қандағы қант деңгейіне пайдалы әсер етеді, микроэлемент және витаминдерге бай. «Гречишный» табиғи қара құмық жармасынан өндіріледі. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады, қатерлі ісік ауруларынан қорғауға ықпал етеді. «Овсяный» рогалигі – өте дәмді және құрамында клечаткасы ең көп нан. Оның теңдестірілген құрамы иммундық жүйеге және холестерин деңгейіне оң әсер етеді.

Денсаулық нандарының ассортименті үнемі толықтырылуда.

Біздің денсаулықты түзеуші нандар сериясының дәмін татыңыздар!

Олар сіздің дастарханыңыздың көркі ғана болып қалмай, отбасыңыздың денсаулығына берер көмегі мол!