Алматы қ., Ақсай-2 ы/а, Момышұлы көшесі, 36 «А»
+7 727 330 31 29

Кебек: ол туралы не білеміз?

Кебек: ол туралы не білеміз?

Пайдалы ас туралы әңгімелерде кебек туралы көп естиміз. Кімдір оның көмегінде арықтайды, кімдір оны денсаулығын түзеу үшін қолданады. Сонымке қатар, кебек шын мәнінде ұн тарту өндірістігінің қалдығы болып саналады. Ол қандай өнім және оның көмегінде әсем пішінді бола аламыз ма?

Биология сабақтарын есіізге алсақ, бидай дәні ұрық, эндосперм және қабықтан құралған. Қайта өңдеу кезінде эндосперм ұрық пен қабықтан ажыратылады. Дәннің осы екі бөліктері кебек құрамын құрайды. Кебек ұн тарту өндірістігінің қалдығы есептеледі, жоғары сұрыпты ұн даярлау үшін тек эндосперм ғана қажет. Ұн кебекке қарағанда құрамы бойынша нашарлау. Барлық биологиялық белсенді компоненттер, микроэлементтер мен витаминдер кебекте қалады. Қазіргі заман адамының рационында тамақ талшықтары бар өнімдар аз, біз тазартылған азықтарды қабылдауға үйренгенбіз. Тамаша дәм артынан қуып, оның пайдалы жағын, тамақ адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттарға бай болуы керектігін ұмыттық. Пайдалы заттарға клетчатка да кіреді, ол кебек құрамында өте көп. Клетчатка жеміс және көкөністерде, көптеген жарма мен жасыл көкте бар, бірақ тек қана кебек құрамында оның мөлшері ең көп деп мойындалған. Клетчатка өзінің денсаулықты жақсартатын қасиеттері арқасында бағаланады: ол ас қорытуды жақсартады, ішектерді тазалайды, ағзадан токсиндарды шығарады. Иммунитет пен зат алмасу күйі ас қорыту жүйесіне байланысты, демек сыртқы келбетіміз бен хал-жағдайымыз да оған бағынышты. Кебектің тағы бір құндылығы - ол арықтатады. Клетчатканың өзінің еш қандай құнарлғы жоқ, одан басқа, асқазанға түсіп, ішектер жұмысын күшейтеді, сонысымен құнарлы заттардың тез сіңуін баяулатып, азықтың энергетикалық құнарлығын төмендетеді. Басқа сөзбен айтқанда, асқазандағы бар тамақ ағзада «запасқа» сақталып қалынбайды да, тезірек шығарылады. Кебек көмегінде арықтау тиімді да, жағымды: кебек су әсерінен ісінеді да, тоқмейілділік сезімін тудырады. Яғни құнарлылық жоқ десе де болады, ал тамақ жегіңіз келмейді.

Клетчатка бізге витаминдер мен микроэлементтерді береді, әсіресе, В тобы витаминдерінің молдығымен, сонымен қатар калий, магний, мырыш және мыс құрамымен танымал. Ол қандағы қант мөлшерін теңдеу, холестерин деңгейін төмендетеді, қан айналымына әсер етеді, тері мен шаш жағдайын жақсартады.

Тәулігіне 25-30 грамм кебек қабылдау норма. Өз рационыңызға біртіндеп еңгізу қажет. Айтпесе, жеңіл сіңішу тамақтарға үйренген асқазан, клетчаткалы балласттық заттарды бір жола үлкен дозасын қабылдағаннан кейін жұмысында әр түрлі бұзылулармен жауап беріп, пайдалы тамақтану орнына керісінше нәтиже болуы мүмкін. Кебектерді тамақтың барлық түрлеріне қосуға болады: сорпалар, салаттар, ботқалар, қамырға, фарш, компот, кисель, айран. Котлета дайындағанда панировка ұны орнынына қолданса болады.Қолдану алдында кебекті қайнаған суға жібітіп алуға кеңес беріледі, бірақ оны құрғақ түрінде де, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіп қабылдауыңызда мүмкін. Су бұл кезде клетчатка ішекте ойдағыдай ісінуі үшін қажет. Кебекті дәріхана немесе дүкендерден сатып алуыңызға болады.

Үй тағамдарына кебек қосқаннан бөлек, кебек қосып дайындалған өнімдерді сатып алуыңызға болады, мысалы кебекті нан. Өте дәмдә және шын мәнінде пайдалы «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының кебек наны өз атымен «Здоровье» деп аталады. Өз рационыңызды күнделікті өнімдер көмегінде жақсарту өте қолайлы. «Здоровье» нанынан бөлек комбинат ассортиментінде басқа да клетчаткаға бай өнімдер бар.

Біз сізге сымбатты да дені сау болуыңызды тілейміз, мұнда сізге «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының клетчаткаға бай нандары көмектеседі.