Алматы қ., Ақсай-2 ы/а, Момышұлы көшесі, 36 «А»
+7 727 330 31 29

Не үшін бутерброд төменге май жағылған жағымен түседі?

Не үшін бутерброд төменге май жағылған жағымен түседі?

Шынында да, неге? Мұны білмекші болған энтузиасттардың бір неше тәжірибелері көбінесе бутербродтар, шыныменде май жағылған жағымен түсетінін растады. Әңгіменің мәні мынада, бутербродтың ауырлық центрі май жағылған жаққа жылжыған соң, бутерброд көбінесе май жағылған жағымен түседі. Нанның қуысты структурасына байланысты май жағылғын жағының аэродинамикалық қасиеттері жоғарырақ, соның үшін бутерброд ауада аударылады. Одан басқа май жағылған жағымен төмен түсіп, ол серпінді нан бөлігі әдетте секіріп, қайтадан май жағымен төменге түседі. Бутерброд түсетін биіктік те өз ролін ойнайды.Ол қаншалық биік болса, бутерброд төменге «бетімен» түспеу шансы соншалықты көбірек.

Айта кететіні, нанға май жағу дәстүрінің келіп шығу тарихы қызық. Бір нұсқа бойынша, бутербродты әйгілі ғалым Николай Коперник ойлап тапқан – емдік мақсатпен. ХVІ ғасырдың басында Ольшта (Польша) қоғаны қоршауда қалған. Тұрғындардың негізгі тамағы нан болған. Адамдар өз нандарын ол жерге түсіп кетсе де жейтін, ол жерге түссе де – тағам тапшылығында олар санитарлық нормаларын сақтаудан аулақ болды.Тез арада ішек ауруларының эпидемиясы басталады. Николай Коперник аурулардың себепшісі нанға жерден жабысатын микробтар екеніне көзі жетті. Оның жолы табылды: нанға қалың етіп май жағатын, ол жерге түсіп кеткенде жоғарғы лас қабатын пышақпен алып тастайтын.

Біз қазіргі күнге дейін жақсы көріп жейтін тағам осылай пайда болған.